Экономика • Бүгін, 08:53

Жол – экономиканың ғана емес, мәдениеттің де көрінісі

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Маңғыстауда жолға қатысты шаруалар ретімен жүзеге асырылып келеді. Биыл жазда басталған теміржол вокзалдарын кешенді реконструкциялау жұмысы өз деңгейінде жүріп жатыр.

Жол – экономиканың ғана емес, мәдениеттің де көрінісі

«Маңғыстау» вокзалында бо­лашақ ғимараттың іргетасын құю аяқталып, тіреу қа­бырғаларын арматуралау, «Бейнеу» вокзалында жерас­ты қабатын жабын плиталарымен жабу, биіктігі 6 метр болатын бірін­ші қабаттың колонналарын орнату іс-шаралары атқа­рылып жатыр. «Шетпе» вокзалында болашақ ғимараттың іргетасын құю аяқталып, жертөле қабыр­ғаларын монтаждау, колонналарды қалыпқа келтіру, арматуралау қолға алынған. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тапсырысымен жүзеге асып жат­қан кешенді реконструкциялау еліміздің туристік әлеуе­тін арттыруға бағытталып отыр.

Өңірде жол құры­лысына, қатыс­ты шаруалар барынша өзекті. Өйткені ол – келешегін туризммен байла­ныстырған өңірдің күретамыры. Сол себепті облыс­та жол құрылысы жобалары жетерлік.

– Жетібай – Жаңаөзен – Кен­дір­лі – Түрікменстан шекарасы автомобиль жолының 65–179 шақырым учаскесін орташа жөндеу жұмысы биыл тамыз айында басталды. Бұдан бөлек, осы жол­дың 179–229 шақы­рым учаскесінде күрделі жөндеу жұмыс­ы басталады, – деді об­лыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарма­сының басшысы Бейнеубек Әбілов.

Сондай-ақ «Air Astana» әуе ком­паниясы Сауд Арабиясының Джидда, Медина қалаларына тікелей рейстерді іске қосқан. 2025 жылдың 29 қарашасынан бас­тап «Fly Arystan» әуе компаниясы Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласына аптасына бір рет, сенбі күндері тікелей ұшатын рейс ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар биыл Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің қолдауымен Ақтау – Көкшетау, Ақтау – Түркістан әуе рейстері ашылды. 2025 жылдың 23 қыркүйегінен Ақтау – Қарағанды бағытында тікелей әуе рейстері ұша бастады.

Облыстық жолаушылар кө­лігі және автомобиль жолдары бас­қармасының бас маманы Мұ­рат Асадуллаев Маңғыстауда об­лыс­тық маңызы бар автомобиль жолы кезең-кезеңімен жаңар­тылып жатқанын айтады. Мысалы Форт-Шевченко – Ақтау – Форт-Шевченко бағы­тындағы автожолдың 30 шақы­рымын реконструкциялау жұ­мыс­­тары жүргізіліп жатыр. Үш ке­зеңге бөлінген жобаның бірін­ші кезеңінде жолдың 43–73 шақырымын, екінші кезеңінде 73–104 шақырымын реконструкциялау, үшінші кезеңде 104–132 шақырымын орташа жөндеу жұмысы жүргізіледі. Жоба облыс­тың көлік инфрақұрылымын дамытуға, өңір ішінде көлік қаты­на­сының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

– Қазір автомобиль жолының 17 шақырым аумағында асфальтбетон жабынының бірінші қабатын төсеу жұмыстары аяқталды. Соны­мен қатар 6,7 шақырым жол аума­ғында жолдың төменгі қабаты мен негізін дайындау жүргі­зіліп жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыс­ы бекітілген өндірістік кестеге сәйкес орындалды. Атқарыл­ған шаруалардың нәтижесінде жол­­дың са­пасы жақсарып, көлік қаты­на­сы­ның қауіпсіздігі мен қозға­лыс жыл­дамдығы артты, – деді М.Асадуллаев.

Жол жайлылығы – экономи­каның ғана емес, мәдениеттің де көрінісі. Сондықтан жолды жақ­сарту, жаңғыр­ту – аса маңызды іс.

 

Маңғыстау облысы