Қоғам • Бүгін, 07:57

Шалғай ауылдағы қуаныш

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Саты ауылдық округіне қарасты Күрметі ауылында 230-дан астам тұрғын бар. Олардың арасында егде жастағы адамдар көптеп саналады.

Шалғай ауылдағы қуаныш

Таулы аймақ тұрғын­дары талай жылдардан бері ме­ди­циналық мекеменің қа­жет­тілігін сезініп келген еді. Биыл жұртшылық тілегі орындалып, жаңа­дан салынған медициналық пункт пайдалануға берілді.

Ауыл тұрғындарының қуаны­шын тасытқан іс-шараға Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңіз­баев, мекеме басшылары, қоғам­дық ұйым төрағалары, еңбек ардагер­лері қатысып, ақжарма лебізін білдірді.

– Ауылымызда бұ­рын-соңды мұн­дай нысан болмаған. Бас ауырып, балтыр сыз­даса Сатыға, одан әрі 150 шақырым жүріп, аудан­дағы орталық ауруханаға баратынбыз. Шағын да болса бүгінгі ашылған медициналық пункт тұрғын­дардың дер шағында алғаш­қы медициналық көмек алуына пай­дасын тигізетін болады. Бұл өңірге жылдан жылға туристер де көптеп келіп жатыр. Сол себепті медициналық көмекті қажет ететін адамдар саны артпаса кемі­мейді, – деген зейнет жасындағы медбике Райгүл Құдайбергенова ауыл тұрғындарының атынан сәнді де сапалы ғимарат тұрғызған мердігер компания өкілдеріне алғысын білдірді.

Аудан әкімі Нұрбақыт Мол­дах­метұлы да өз сөзінде меди­цина­лық пункттің ауылдағы әлеу­мет­тік инфра­құрылымды нығай­тып, тұрғын­дарға көрсетілетін ме­ди­ци­на­лық қызмет сапасын арт­ты­ру­ға сеп­тігін тигізетінін атап өтті.