Білім • Бүгін, 14:00

Қазақстанда алғаш рет: Мектептерге енгізілетін бірыңғай әдістемелік нұсқаулық не үшін керек?

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Орта білім комитеті мен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы бірлесе дайындаған нұсқаулық барлық мектепке таратылады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда алғаш рет: Мектептерге енгізілетін бірыңғай әдістемелік нұсқаулық не үшін керек?

Нұсқаулық 1–11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар жұмысын жүйелі, бірізді және түсінікті форматқа көшіру мақсатында әзірленген. Онда оқушылардың қызығушылығы, еңбек нарығындағы қазіргі тенденциялар ескерілген.

Жинақта мамандармен кездесулер, кәсіпорындарға экскурсиялар, кәсіби сынамалар өткізу бойынша бағыт-бағдар беріліп, практикалық тапсырмалар қамтылған.

Министрлік академиялық нұсқаулықты 1–4, 5–7, 8–9 және 10–11-сынып деңгейлерінде кәсіби бағдарлау жұмыстарын жоспарлау және іске асыру үшін практикалық құрал ретінде пайдалануды ұсынып отыр.