Қоғам • Кеше

Павлодарда ұялы телефонды аяқ киім ұлтарағына жасырып, изоляторға өткізбек болған

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

№63 түзеу мекемесінің қызметкерлері тергеу изоляторына ұялы телефонды заңсыз өткізудің жолын кесті, деп жазады Egemen.kz

Павлодарда ұялы телефонды аяқ киім ұлтарағына жасырып, изоляторға өткізбек болған

Фото: Павлодар облыстық ҚАЖД

2005 жылғы азамат изоляторда тергеліп жатқан танысына азық-түлік әкелген. Мекеме қызметкерлері сәлемдемені тексеру барысында арасына салынған қысқы аяқ киімді көреді. 

«Егжей-тегжейлі тексеру кезінде аяқ киімнің ұлтарағы астына мұқият жасырылған ұялы телефон табылды. Аталған зат тәркіленді. Сәлемдемені әкелген азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұушылық туралы кодексінің 481-бабы («Қылмыстық атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру») бойынша хаттама толтырылды», деп хабарлады өңірлік қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.

Департамент мамандары тыйым салынған заттарды тергеуде отырғандар мен сотталғандарға заңсыз беру әрекеттері әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын еске салады. 

Соңғы жаңалықтар

Өнердің емдік қуаты

Өнер • 29 Қараша, 2025

Ақын мен Алматы

Тұлға • 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

Ғалам ғажаптары • 29 Қараша, 2025

Ананы ардақтау – борышымыз

Жәдігер • 29 Қараша, 2025

Жылу желілері жаңартылады

Аймақтар • 29 Қараша, 2025