Фото: видеодан алынған скрин
Даниялықтар Алматыдан 5000 км шақырымды артқа тастап, командасын қолдауға келген 10 жанкүйерді арнайы жасыл алаңға шақырып, кәдесый тарту етті. Ілтипатқа толы көріністі УЕФА Чемпиондар лигасының инстаграмдағы ресми парақшасы жариялады.
«Команда үшін 5000 км жол жүру – мәртебе. Алматыдан 10 жанкүйер аттаныпты. Жанкүйерлерсіз футбол – футбол болмас еді. Барлық жанкүйер үшін Чемпиондар лигасы аясындағы матчтар керемет өтсін деп тілейміз», делінген парақшадағы жазбада.
«Қайрат» құрамасы өз кезегінде сый-құрметке алғыс айтып, жазба астында пікір қалдырды.
Айта кетейік, «Копенгаген» – «Қайрат» кездесуінде отандастарымыздың сапынан Дастан Сәтбаев пен Олжас Байбек гол соқты.