Е. Қарин Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар стратегиялық бастамасы туралы айтты.
Қырғызстан өкілі мәдениет және білім саласындағы жобаларды жүзеге асыру жоспарын жеткізді.
Кездесуде екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету перспективасы талқыланды. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және шығармашылық бағыттағы бастамаларды қолдауға дайын екенін жеткізді.
Сонымен қатар Ерлан Қарин мен Марат Иманқұлов Ұлттық орталық музейін тамашалады. Артынша Тоқтағұл Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясы әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматов повесінің желісімен қойған «Жәмилә» мюзиклін тамашалады.