Оқиға • Бүгін, 10:25

Алматыда 15 жастағы жасөспірімді заңсыз акцияға қатыстырған жетекшіге айыппұл салынды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда қайырымдылық қорының басшысы 15 жастағы жасөспірімді базар аумағында өткізілген  қайырымдылық акциясына қаражат жинауға қатыстырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда 15 жастағы жасөспірімді заңсыз акцияға қатыстырған жетекшіге айыппұл салынды

Фото: Ашық дереккөз

Нәтижесінде, жасөспірім әкімшілік заңнаманы бұзумен байланысты жағдайға тап болып, қор жетекшісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 128-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

«Сот отырысында қор директоры өз кінәсін мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады. Әкімшілік құқық бұзушылық жинақталған дәлелдемелермен, сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімнің және директордың сөздерімен расталды», делінген Жоғарғы Соттың хабарламасында.

Айта кетейік, ӘҚБтК-нің 128-бабының 1-бөлігіне сәйкес, мұндай құқық бұзушылық үшін жеке тұлғаларға 50 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

«Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жасалған құқық бұзушылықтың сипатын, кінәлінің жеке басын және жауаптылықты ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, 196 мың теңгеден астам айыппұл салды», делінген хабарламада.