Экономика • Кеше

Бір жылдан соң мұнай бағасы барреліне 30 долларға дейін құлдырауы мүмкін

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Brent маркалы мұнайдың бағасы 15 пайызға төмендеді, деп жазады Egemen.kz.

Бір жылдан соң мұнай бағасы барреліне 30 долларға дейін құлдырауы мүмкін

Инвестициялық банк JPMorgan алдағы жылдары бағаның бұдан да қатты құлдырауы мүмкін екенін ескертті. Сарапшылардың болжамынша, әлемдік нарықта ұсыныстың сұраныстан айтарлықтай жылдам өсуі құрылымдық теңсіздік қалыптастырып отыр.

JPMorgan мәліметіне сәйкес, 2025-2026 жылдары мұнайға деген сұраныс өсіміне қарамастан, ұсыныс үш есе жылдамырақ ұлғаяды. Бұл жағдай нарықта артық мұнайдың жиналуына алып келеді. Банктің есебінде 2026 жылы Brent бағасы барреліне 60 доллардан төмендеуі мүмкін, жыл соңына қарай 50 долларға дейін түсу ықтималдығы айтылған.

2027 жылы орташа баға 42 доллар шамасында болуы мүмкін, ал жыл соңында 30 долларға дейін төмендейтін сценарий қарастырылған.

Сарапшылардың бағалауы бойынша, ұсыныс артығы 2026 жылы тәулігіне 2,8 млн баррельге, 2027 жылы 2,7 млн баррельге дейін жетуі мүмкін.

Өсімнің негізгі бөлігі ОПЕК+ құрамына кірмейтін өндірушілерге, соның ішінде АҚШ-қа тиесілі.

JPMorgan бұл болжам жоғары ұсыныс аясында нарықтың тепе-теңдігі сақталмаған жағдайда орын алуы мүмкін деп атап өтті.