Заң жобасы – банк заңнамасының кешенді реформасы. Құжаттың құрылымы айтарлықтай жаңартылып, қолданыстағы нормаларға тексеру жүргізілді, талаптар оңтайландырылды, сондай-ақ корпоративтік басқару, іс-қимылды қадағалау және төлемге қабілетсіз банктерді реттеу мәселелері бойынша жаңа бөлімдер енгізілді.
Заң жобаларының негізгі мақсаты – банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету. Негізгі новеллаларға банк қызметін тепе-тең реттеуді енгізу, қаржылық-технологиялық секторды дамыту және цифрлық қаржы активтерін реттеу, ислам банкингін дамыту, тәуекелге бағдарланған іс-қимылды қадағалау жүйесін қалыптастыру, төлемге қабілетсіз банктерді реттеудің жаңа тетігін құру және банктік реттеуді жетілдіру кіреді.
Депутаттар заң жобаларының негізгі ережелерін талқылап, олардың елдің қаржы секторын одан әрі дамыту үшін маңыздылығын атап өтті. Талқылаудан кейін заң жобалары екінші оқылымда мақұлданды.
Заң жобаларын қабылдау банк жүйесінің орнықтылығын нығайтуға, реттеудің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, бәсекелестікті дамытуға және қаржы нарығында инновацияларды ынталандыруға жағдай жасайды.