Актер бұл марапатқа режиссер Елзат Ескендір түсірген «Әбіл» атты толықметражды көркем фильмдегі басты рөлі үшін лайық деп танылды.
Айта кетейік, қараша айының басында Парижде өткен «Франциядағы қазақ киноларының фестивалінде» де қазылар алқасы дәл осы рөлі үшін Ерлан Төлеутайға «Үздік актер» сыйлығын табыстаған.
«Әбіл» туындысы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен, Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.
«Жібек жолы» халықаралық кинофестивалі жыл сайын өтетін мәдени шара саналады. Биыл ол он үшінші рет ұйымдастырылып, әлемнің әр елінен режиссерлер, продюсерлер және көрермендер қатысты. Фестиваль бағдарламасы Дублиндегі Тринити колледжінде және тарихи United Arts Club сахнасында өтті.