Қоғам • Бүгін, 07:53

Тұмау асқынып тұр

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысында қараша басталғалы жедел респира­торлық вирустық инфекцияны жұқтыру көрсеткіші өсіп тұр. Мәселен, 1–20 қараша аралығында ЖРВИ жұқтыруға байланысты 32 мыңнан астам дерек тіркелді.

Тұмау асқынып тұр

Облыстық санита­р­­лық-эпидемио­ло­­гия­лық бақылау де­пар­таменті басшысы Әлия Беке­шеваның айтуынша, тұмау жұқтырғандардың басым бөлігі – 14 жасқа дейінгі балалар. Маусымдық тұмаудың зертханалық расталған 17 жағ­дайы анықталып отыр. Осы кезге дейін 58 мыңнан астам адам вакцина салдырған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев емханаларға тұмау симптомымен бір тәу­лікте 154 адам қабылдауға жү­гінгенін айтты.

«Стационарларда 209 науқас жатыр. Ем қабылдаушылар­дың арасында 126 бала мен 45 жүкті әйел бар. Осыған байланыс­ты өңірде қосымша шара қабылданды. Тұрғындардан тұ­мау белгілері байқалса, бірден меди­­циналық көмекке жүгінгені абзал», дейді Қайсар Абдалиев.

Атырау облысындағы меди­циналық мекемелерде 381 инфекциялық төсектік орын бар. Емханалардағы фильтр кабинеті сағат 08:00-20:00 аралығында жұмыс істейді. Ал мобильді бригадалардың жұмыс уақыты 22:00-ге дейін ұзартылып отыр. Сондай-ақ облыстық инфекциялық ауруханада қосымша бір дәрігерлік бекет ашылды.

 

Атырау облысы