АСТАНА. 22 наурыз. Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиалық комитетінің (ҚР ҰПК) президенті болып Қайрат Боранбаев сайланды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осыған қатысты өткен басқосуда еліміздің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Комитеттің бұрынғы президенті Дархан Қалетаевқа істеген жұмысы мен паралимпиалық қозғалыстың дамуына қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, министр балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту жолында тер төккен Қайрат Боранбаевтың біліктілігін жоғары бағалап, жұмысына сәттілік тіледі. Айта кетейік, Дархан Қалетаев бүгінде еліміздің велоспорт федерациясының президенті. Сондай-ақ, Қайрат Боранбаевтың «Қайрат» футбол клубы бақылаушылар кеңесінің төрағасы екені белгілі.
Қазіргі таңда ҰПК Халықаралық Паралимпиалық комитетінің аймақтық өкілі Азия Паралимпиалық комитетіне, Ампутанттар мен арбалылардың федерациясына және Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың бүкіләлемдік волейбол ұйымына мүше. Сондай-ақ, Вуокатти спорт институты (Финляндия), Дубай мүгедектер клубы (БАӘ), Мүгедектердің атудан клубы (Ұлыбритания), «Start» мүгедектер спорт клубы (Польша) сынды ұйымдармен әріптес ретінде тығыз байланыс орнатқан.
Соңғы уақытта ҰПК-де спортшыларды арнайы спорттық құрылғылармен, арбалармен және протездермен қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды. 2013-2015 жылдар аралығында еліміздегі мүмкіндігі шектеулі спортшылар 28 халықаралық сайысқа қатысып, 74 алтын, 102 күміс және 104 қола медаль, жалпы саны 280 жүлде олжалады.
Аталған комитет қазіргі кезде 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Паралимпиалық ойындарға қызу дайындалуда. Республика бойынша ҰПК-ның 12 аймақтық филиалы жұмыс істейді. Жуырда тағы бір филиалды іске қосу жоспарлануда.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
• 22 Наурыз, 2015
Ұлттық Паралимпиалық комитеттің президенті сайланды

Енді мемлекеттік қызметшілер жыл сайын наркотесттен өтеді
Парламент • Бүгін, 15:57
ҰБТ-2026 және 1 сыныпқа қабылдау: 1 мамырдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Білім • Бүгін, 15:55
Алматыда әлемдік деңгейдегі Innotech университеті ашылды
Білім • Бүгін, 15:50
Тоқаев қазақ тазысын тануға септігін тигізген Тамаш Яккельге алғыс айтты
Президент • Бүгін, 15:40
Алматыда даулы крематорий пайдалануға берілді
Оқиға • Бүгін, 15:32
Орталық Азиядағы ең ірі кешен: Түркістан облысында бірегей жүгері өңдейтін зауыт іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 15:13
Аида Балаева: «е-Өтініш» қоғам мен билік институттары арасындағы сенім көпірі
Қоғам • Бүгін, 15:02
Ақмола облысында бірінші сынып оқушысының бетін ит тістеп алған
Оқиға • Бүгін, 15:01
Алматыда ауа ластануымен күрес қалай жүріп жатыр?
Экология • Бүгін, 14:56
Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өседі: Сенат заңды мақұлдады
Қоғам • Бүгін, 14:31
Тізім кеңейеді: Енді теңге бағамы тағы 9 елдің ақшасына қатысты белгіленеді
Қаржы • Бүгін, 14:10
Зейнетақы жинағының шекті деңгейі өзгереді: Енді ақша қалай есептеледі?
Қоғам • Бүгін, 13:48