Фото: ru.freepik.com
Жасыл желек көмірқышқыл газын бойына сіңіріп, оттегі бөлетіні белгілі. Адамзат үшін осындай ұшан-теңіз пайдасы бар орман алқаптарының санын арттыруға ондаған ел ден қойған.
Осы істері оң нәтиже көрсетіп отырған 10 ел қатарында: Қытай, Ресей, Үндістан, Түркия, Аустралия, Франция, Индонезия, Оңтүстік Африка, Канада, Вьетнам елдері бар.
Жеке тоқталсақ Қытай кейінгі 10 жылда орман алқабын – 1,7 миллион гектарға, Ресей – 942 мың гектарға, Үндістан – 191 мың гектарға, Түркия – 118 мың гектарға, Аустралия – 105 мың гектарға, Франция – 96 мың гектарға, Индонезия – 94 мың гектарға, Оңтүстік Африка – 88 мың гектарға, Канада – 83 мың гектарға, Вьетнам – 73 мың гектарға ұлғайтқан.