Фото: Ашық дереккөз
Мақсат Қалиакпаровтың айтуынша, сыйымдылығы жоғары үлкен ұшақтар да, қосымша рейстер де негізгі бағыттар бойынша белгіленеді. Олардың қатарында Алматы, Шымкент және Ақтау бар. Сондай-ақ, қосымша вагондар тіркеліп, жаңа пойыздар жолға шығады.
Бұл ретте вице-министр билет бағасының қымбаттамайтынын айтты.
«Жолаушылардың 50 пайыздан астамы өз сапарларын алдын ала жоспарлайды, яғни билеттерді ертерек сатып алады. Өздеріңіз білесіздер, билетті ертерек алса, бағасы да арзанырақ болады. Сонымен қатар, келер жылы билет бағасын көтеру жоспарда жоқ», деді вице-министр.