«Заң мен Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында аймақ инвесторларымен кездескен Қызылорда облысының прокуроры Ризабек Ожаров осындай дерек келтірді.
Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары белгіленді. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны (1-уі ӘҚБтК-нің 173-бабы) және кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін (3-уі ӘҚБтК-нің 175-бабы) 4 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар 590 кәсіпкердің қызметіне заңсыз тексеру жүргізуге жол берілмеді. Прокуратура кәсіп иелерінің қызметіне қатысты тексеру тағайындау бойынша 9, әкімшілік іс жүргізуді қозғауға қатысты 11 және 1 талап арыз қою материалдарымен келісуден бас тартты.
Аймақта бизнесті қорғау облыс прокуратурасының ерекше бақылауында тұр.