Фото: gov.kz
Басты жаңалық – ұжымдық құқықтарды басқаруға арналған Бірыңғай цифрлық платформа. Жаңа жүйе авторлық шығармалардың пайдаланылуын, келісімшарттар мен сыйақы төлемдерін бір орталыққа жинақтап, ашық әрі қолайлы тетік қалыптастырмақ.
Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың айтуынша, бұл қадам шығармашылық иелеріне тиесілі сыйақының әділ жиналуына және уақтылы бөлінуіне жол ашады.
Кездесуге креативтік индустрия, өңірлік палаталар, театрлар, филармониялар, авторлар мен кәсіпкерлерден құралған 200-ден астам қатысушы келіп, жаңа платформаның жұмыс механизмін талқылады. Қатысушылар цифрландырудың енгізілуі саладағы ашықтықты күшейтіп, шығармашылық ортаға сенімділік пен тиімділік қоса түсетінін атап өтті.