ПЕТРОПАВЛ. 20 ақпан. Солтүстік Қазақстан облысының делегациясы Түмен облысында болып, бірқатар меморандумдарға қол қойды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылжар өңірінің басшысы Ерік Сұлтанов пен Түмен облысының губернаторы Владимир Якушевтың кездесуіне екі тараптан бизнес саласының өкілдері, ірі кәсіпорын басшылары қатысты. В.Якушев облыстар арасындағы сыртқы сауда айналымы 132,5 миллион АҚШ долларын құрайтынын, соңғы кездері кәсіпкерлік ынтымақтастықтың күрт артқанын жеткізді. Е. Сұлтанов өз сөзінде Қазақстанда жаңа жұмыс орындарын құру, инвестициялар тарту бағытындағы тәжірибелермен бөлісті. Ел экономикасына қаржы тартудың тиімді тұстарын атап, бірігіп жұмыс істеуге шақырды.
Делегация бұдан кейін әлемнің 26 елінен келген ІІ халықаралық инвестициялық форумға қатысты. Онда Қазақстанның қазіргі қарқынды дамуы жайлы жылы пікірлер айтылды. Мәселен, «Опора России» қоғамдық ұйымның президенті Александр Калинин елімізде қалыптасқан экономикалық тұрақтылықты жоғары бағалады.
Ірі кәсіпорындарды аралау барысында алдымен Антипинск мұнай өңдеу зауытына соқты. Мұнда өндірілетін «қара алтынның» сапасы Еуро-5 стандартына сәйкес келеді. Биылдың өзінде ғана 143 миллиард рубль инвестиция құйылыпты. Күніне 38 тонна нан-тоқаш пісіретін нан комбинаты қуаттылықты үш есеге арттыруды межелеп отыр. Медицина қалашығы құрамына енетін клиникалық аурухана мен нейрохирургия орталығында жылына екі мыңнан астам ота жасалатын көрінеді.
Екі күнге созылған сапар соңында 10 меморандумға қол қойылды. Қос тарап ұлтаралық қарым-қатынас саласын нығайтуға да уағдаласты.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сурет: ura.ru.
• 20 Ақпан, 2015
Солтүстік Қазақстан және Түмен облыстары келісімдер жасасты

Саясаттанушы: Ұлан-Батыр Қазақстанды Орталық Азияға шығатын қақпа ретінде қарастырады
Саясат • Бүгін, 10:59
Елордада жылу беру маусымы аяқталды
Елорда • Бүгін, 10:53
Астана қаласының әкімдігі көшелердің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарды
Оқиға • Бүгін, 10:37
Шығыс Қазақстанда полиция мектептегі қауіпсіздікті айрықша бақылауға алды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Министр: Зейнетақы шегіне қатысты өзгерістер алдағы айда бекітілуі мүмкін
Бюджет • Бүгін, 10:22
Алматы маңында жер сілкінісі тіркелді
Алматы • Бүгін, 10:17
Елімізде су есептегіштердің жаңартылған жүйесі енгізіле бастады
Қоғам • Бүгін, 10:11
11,8 миллиард теңге табыс: Коллекторлардың салықтан қалай жалтарғаны әшкере болды
Бюджет • Бүгін, 10:07
Электр желілеріндегі апаттылық 13 пайызға төмендеді
Энергетика • Бүгін, 09:50
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:49
«Уақытты босқа өткізу»: Иран АҚШ-пен кездесуден бас тартты
Әлем • Бүгін, 09:28
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:22
Мемлекет басшысы Израиль Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 09:10