Фото: Жоғарғы сот
Әйелдің әркетінен соң 1,5 жастағы баласы көз жұмған. Ал 7 жасар ұлы мен өзі аман қалған.
Аталған фактіге қатысты қылмыстық істі Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарады.
Қылмыстық кодекстің ҚК-нің 99-бабы 3-бөлігі – «Жас баланы өлтіру» және 24-баптың 3-бөлігі, 99-баптың 3-бөлігі – «Жас баланы өлтіруге әрекет жасау» баптары бойынша қаралған істе айыпталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Себебі сот Павлодар тұрғынының қылмысты жасау кезінде ақыл-есі дұрыс болмағанын анықтады.
Облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жанна Нығыбаева айыпталушыға қарқынды бақыланатын мамандандырылған типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу жазасын тағайындады.