Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстігінде жылы әрі шуақты ауа райы сақталса, солтүстікте жаңбыр, қар және көктайғақ күтіледі.
«Қарашаның аяқталып қалғанына қарамастан, еліміздің оңтүстігінде жылы және шуақты күндер сақталады. Күндізгі температура +13…+18 градусқа дейін көтеріледі», делінген болжамда.
Ал солтүстік өңірлерде ауа райы құбылмалы болады. Жылдам жылжитын солтүстік-батыс циклонының әсерінен жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, желдің күшеюі және көктайғақ күтіледі.
Сонымен қатар температура климаттық норма шегінде сақталады: түнде –0…–5 градус аяз, күндіз 0…+5 градус жылы күтіледі.