Спорт • Бүгін, 09:48

«Ауыл ойындарында» кімдер алға озды?

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанада студенттер арасында «Ауыл ойындары» республикалық сайысы өтті. Жыл сайынғы игі шара ұлттық спорт түрлерін насихаттап, салауатты өмір салтын нығайтып, жастарды салауаттылыққа бағыттайды. Спорт жарысы «Ауыл» партиясының бастамасымен және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің қолдауымен жүзеге асып отыр.

«Ауыл ойындарында» кімдер алға озды?

Бес жүзден астам студент асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту, қазақ күресі, садақ ату, тоғызқұмалақ, сондай-ақ футзалдан бәсекелерін тамашалады.

«Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаевтың айтуынша, жыл сайын додаға қатысушы студент спортшылар саны артып келеді.

Биылғы турнирге еліміздегі 64 жоғары оқу орны мен колледждің студенттері қатысты.

Дәстүрлі доданың нәтижесінде асық атудан 1-орын қызылордалық Кенже Нұрмұханбетке бұйырса, 2-орын мен 3-орын қарағандылық Нұрәли Мақажан мен Жанболат Жамбылдың еншісіне тиді.

Өзге спорт түрлерінің жеңімпаздары:

Ләңгі тебу:
1 орын – Нұрым Бейсенбай (БҚО)
2 орын – Бөкейхан Жақсыкелді (Шымкент қаласы)
3 орын – Арсен Амантай (Жетісу облысы)

Арқан тарту:
1 орын – БҚО командасы
2 орын – Астана қаласының командасы
3 орын – Қарағанды облысының командасы

Қазақ күресі:
1 орын – Бекзат Темірке (Ақмола облысы)
2 орын – Марлен Исах (Шымкент қаласы)
3 орын – Сұлтанбек Қайырмұханбет (БҚО)

Садақ ату (ұлдар):
1 орын – Ернар Махмет (Атырау облысы)
2 орын – Дидар Батырхан (Жамбыл облысы)
3 орын – Еркебұлан Майсабек (Алматы облысы)

Садақ ату (қыздар):
1 орын – Кенже Атамбозова (Қостанай облысы)
2 орын – Ханифа Қалманбай (Ұлытау облысы)
3 орын – Қымбат Жұмабаева (Атырау облысы)

Тоғызқұмалақ:
1 орын – Али Исабеков (Қарағанды облысы)
2 орын – Назира Салихова (Атырау облысы)
3 орын – Амина Абамова (Алматы облысы)

Футзал:
1 орын – СҚО
2 орын – Қарағанды облысы
3 орын – Жетісу облысы