Әлем • Кеше

Венгриядағы Radio Free Europe қызметі қаржыландыру қысқаруына байланысты жұмысын тоқтатты

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венгрияның «Свободная Европа» (Szabad Európa) қызметі АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің медиажобаны әрі қарай қаржыландырмау жөніндегі шешімінен кейін өз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Венгриядағы Radio Free Europe қызметі қаржыландыру қысқаруына байланысты жұмысын тоқтатты

Radio Free Europe/Radio Liberty (RFE/RL) – АҚШ үкіметі қаржыландыратын және Кеңес одағы мен Шығыс блок елдері тұрғындарын жаңалықтармен және тәуелсіз ақпаратпен қамтамасыз ету үшін қырғи-қабақ соғыс жылдары құрылған халықаралық хабар таратушы ұйым. Бүгінде радио Шығыс Еуропа, Орталық Азия және Таяу Шығыстағы 23 елде 27 тілде хабар таратады.

Венгрия қызметі алғаш рет 1993 жылы жабылған, алайда сөз бостандығы мен тәуелсіз журналистика жағдайының нашарлауына байланысты премьер-министр Виктор Орбан билігі тұсында, Конгресс пен АҚШ-тың жаһандық медиа агенттігінің қолдауымен, 2020 жылы қайта іске қосылған.

Жабылар алдында жарияланған мәлімдемеде Szabad Európa редакциясы «венгриялық оқырмандарға сапалы журналистика мен объективті ақпарат ұсынуға адал қызмет еткенін» атап өтті. Басылым аудиториясына қолдауы үшін алғыс айтып, материалдары онлайн қолжетімді болатынын мәлімдеді.

Венгриялық бөлімшенің жабылуы Radio Free Europe/Radio Liberty, Voice of America, сондай-ақ АҚШ-тағы PBS пен NPR сияқты халықаралық және қоғамдық хабар таратушыларға арналған қаржыландыруды кең көлемде қысқарту аясында жүзеге асты.

БАҚ дерегінше, Трамп тағайындаған АҚШ-тың жаһандық медиа агенттігі аға кеңесшісі Кари Лейк Конгреске хат жолдап, Szabad Európa қызметі «АҚШ-тың ұлттық мүдделеріне сәйкес келмейді» және «президент Трамптың сыртқы саясатын әлсіретеді» деп мәлімдеген.

Соңғы жаңалықтар

Панфиловке баратын жол жаңарды

Инфрақұрылым • Кеше