Экономика • Бүгін, 11:10

Тұтынушылық несие көлемі төмендеді ме?

40 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаментінің директоры Олжас Көбенбаев 2025 жылғы үшінші тоқсандағы кредиттеу динамикасына қатысты негізгі тұжырымдарды жариялады. Ірі кәсіпорындар тарапынан сұраныс айтарлықтай артып, бөлшек сегментте автокредиттерге қызығушылық көбейген, деп жазады Egemen.kz.

Тұтынушылық несие көлемі төмендеді ме?

Фото: pinterest.com

 Ірі бизнес белсенділігі қалпына келе бастады

Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылдың III тоқсанында бизнестің несиеге деген жиынтық сұранысы артқан. Бұл өсімге негізінен ірі кәсіпорындар әсер еткен.

  • Ірі бизнес сегментіндегі өтінімдер саны тоқсандық есеппен 19% өсіп, 237-ге жетті.

  • Дегенмен, бір өтінімнің орташа көлемі 12,1 млрд теңгеге дейін 6% азайған.

Сарапшылар бұл үрдісті іскерлік белсенділіктің қайта жандануымен және ірі банктерде өтінімдер санының көбейуімен байланыстырады. Сонымен қатар, кей банктер шетел валютасындағы қарыздарға сұраныстың артқанын байқаған.

Орта бизнес бағытында сұраныс тұрақты сақталса, шағын бизнесте қалыпты өсім тіркелді. «Өрлеу» бағдарламасы мен «Даму» қорының портфельдік кепілдіктері кәсіпкерлерге қолдау көрсететін негізгі құрал болып отыр.

  1. Орта бизнес өтінімдері – 5,3 мың (өзгеріссіз)

  2. Шағын бизнес өтінімдері – 999 мың (+10%)

  3. Өтінім көлемі – 27,7 млн теңге (–9%)

Мақұлдау деңгейі:

  • Ірі бизнес – 53% (3 т.п.-ға төмен)

  • Орта бизнес – 36% (4 т.п.-ға өсті)

  • Шағын бизнес – 36% (3 т.п.-ға өсті)

Банк секторы IV тоқсанда сұраныс деңгейі сақталады деп күтеді, бірақ мөлшерлемелердің жоғарылауына байланысты шарттар қатаюы мүмкін.

Ипотекада белсенділік бәсеңдеді, автокредитте сұраныс жоғары

2025 жылдың III тоқсанында бөлшек несиелеуде аралас динамика байқалды.

Ипотекаға сұраныс жылдық тиімді мөлшерлеменің 25%-дан 20%-ға төмендеуі туралы норманың уақытша тоқтатылуына байланысты өзгерді.

  • Ипотекалық өтінімдер саны 288 мың (+19%)

  • Орташа көлем – 21 млн теңге (+21%)

Банктер бұл өзгеріс ипотекалық өнімдердің шарттарын қайта қарауға әкелгенін айтады. Мақұлдау коэффициенті 23%-ға дейін төмендеді.

Кепілді тұтынушылық несие

  1. Өтінімдер саны – 94 мың (+94%)

  2. Орташа көлем – 12 млн теңге (–21%)

  3. Мақұлдау деңгейі – 22% (–23 т.п.)

Өсімге орта банктердің жаңа цифрлық сервистер енгізуі әсер еткен. 

Кепілсіз тұтынушылық несие

Сұраныс алдыңғы тоқсанға қарағанда өзгерген жоқ. Реттеуші енгізген жаңа талаптар да әсерін тигізді:

  • Мерзімнің 5 жылға дейін қысқаруы;

  • Жас шектеулері (21 жасқа дейін және 55 жастан жоғары);

  • «Суыту кезеңі»;

  • Несие тарихы жоқ тұлғалардың банкке келу міндеті.

  • Өтінімдер саны – 17,2 млн (–6%)

  • Орташа көлем – 1,05 млн теңге (+7%)

  • Мақұлдау деңгейі – 32%

Автокредиттер

Автосалондар субсидиялайтын бағдарламалардың әсері әлі сезіліп отыр.

  1. Өтінімдер саны – 1,52 млн (өзгеріссіз)

  2. Орташа көлем – 6,9 млн теңге (–5%)

  3. Мақұлдау деңгейі – 17% (–2 т.п.)

Банк болжамынша, IV тоқсанда ипотека, автокредит және кепілсіз несиелерге сұраныс аздап төмендейді. Кепілмен берілетін тұтынушылық несиеге сұраныс сол деңгейде сақталмақ.

Сауалнамаға кімдер қатысқан?

2025 жылғы II тоқсандағы кредиттік шолу 21 екінші деңгейлі банктің қатысуымен жүргізілген. Ұлттық банк бұл сауалнаманы тоқсан сайын өткізеді, негізгі мақсат – несие нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың қалай өзгеріп жатқанын бағалау.