Оқиға • Кеше

Алматыда екі автобус соқтығысып, екі адам зардап шекті

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, шығыс бағытта келе жатқан №69 автобус аялдамада тұрған №208 қоғамдық көлікпен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда екі автобус соқтығысып, екі адам зардап шекті

Фото: Depositphotos.com

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 12:40 шамасында Райымбек даңғылы бойында болған. Салдарынан №69 автобусының жүргізушісі мен жолаушысы зардап шеккен.

Оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық полиция бөлімі тексеріп жатыр.

6 қарашада полиция жыл басынан бері қалада автобустардың қатысуымен 460-тан астам жол-көлік оқиғасы тіркелгенін, 600-ден астам адамның жарақат алғанын хабарлады. Сонымен қатар рейд жүргізу кезінде құқық қорғау органдарының қызметкерлері автобус жүргізушілері арасында 2 000 жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтады.