Экономика • Кеше

2026 жылы зейнетақы тек 10%-ға өседі

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Сенатта өткен брифингте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин зейнетақыны 10%-ға арттыру шешімі елдің болжамды макроэкономикалық көрсеткіштеріне негізделгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026 жылы зейнетақы тек 10%-ға өседі

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

«Біз орташа инфляция деңгейін 9-10% шамасында болады деп болжадық. Сондықтан индексация 10% көлемінде қалады. Бұл қазіргі бюджет мүмкіндіктеріне байланысты», деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар вице-премьер алдағы уақытта оны арттыру қарастырылмайтынын атап өтті.