Фото: Ашық дереккөз
Әуезов ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қызметі жүргізген тексеру нәтижесі бойынша, балабақшада бірқатар санитарлық талаптардың бұзылғаны анықталып, мекеменің жұмысы барлық кемшіліктер толық жойылғанға дейін тоқтатылды.
«Мектепке дейінгі ұйым ішінде дезинфекциялау және жағдайды санитарлық талаптарға сәйкестендіру бойынша кешенді шаралар жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Бүлдіршендер уақытша қаладағы басқа балабақшаларға жіберілді. Мекеме тек санитарлық талаптарға толық сай келіп, тиісті органдардан рұқсат алғаннан кейін ғана қайта ашылады.
Білім басқармасының мәліметінше, балабақшада дезинфекция мен дератизация қызметтері «Өндірістік кооператив» ЖШС-мен жасалған келісімшарт аясында жүйелі түрде жүргізіліп келген. Алайда балабақша маңындағы қоқыс жәшіктерінің орналасуы жәндіктердің көбеюіне түрткі болуы мүмкін екені де айтылды.