Міне, енді қандасымыз ересектер арасындағы жарыстардағы алғашқы қадамын бастады. Күні кеше ғана Мысыр елінде тұсауы кесілген ITF санатындағы турнирдің алғашқы айналымында ол Беларусь елінің өкілі Руслан Кацукевичті 7:5, 6:3 есебімен қапы қалдырды.
Сөйтіп, биыл US Open додасында жартылай финалға дейін жеткен Нұрланұлы АТР-дегі алғашқы рейтингтік ұпайын еншіледі.