Оқиға • Бүгін, 10:44

Даулы жағдайға тап болған Tesla Education орталығы мәлімдеме жасады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Tesla Education оқу орталығының айналасындағы шу күшейіп, Астана мен Алматыдағы бөлімшелерінің жабылуына және ақшасын қайтара алмаған жүздеген ата-ананың шағымына байланысты компания алғаш рет ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Даулы жағдайға тап болған Tesla Education орталығы мәлімдеме жасады

Фото: Ашық дереккөз

Ата-аналардың айтуынша, орталықтағы оқу процесі уәде етілген деңгейге сәйкес болмаған, сабақтар жиі кейінге шегерілген. Олар келісімшартты бұзып, төлемді қайтаруды сұраған. Ата-аналарға қаражат 30 күн ішінде қайтарылады деп айтылған. Кейін бұл мерзім өткен соң орталық өтемақы қайтарылатын күндер көрсетілген «гарантиялық хаттар» берген. Алайда, қаражат иелеріне қайтарылмаған.

Кейін орталық қызметкерлері мүлде байланысқа шықпай, ал бас кеңселер жабылған немесе басқа жерге көшірілген.

Ата-аналар полицияға жаппай арызданған. Бірақ алғашқы өтініштер қаралмай қалған соң, 70-тен астам адамның қолы қойылған ұжымдық арыз жолданды. Осыдан кейін іс Алматы қаласының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне енгізілді. Полиция департаменті ата-аналардың өтініштері бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын растады.

Tesla Education Instagram парақшасында ресми мәлімдеме жариялады.

«Біз ешқайда жасырынған жоқпыз. Байланыстамыз, мәселені шешу бағытында жұмыс істеп жатырмыз… Компания ешқашан алаяқтық жасамады. Қызметкерлер өз міндеттері мен регламенттер шеңберінде ғана әрекет етті. Бұл жағдайға түсіністікпен қарауды сұраймыз», делінген хабарламада.

Сондай-ақ орталық барлық ата-аналарға қаражат толық қайтарылатынын уәде етті.

«Қазір төлемдерді қайтаратын ашық әрі нақты кесте әзірленіп жатыр. Келесі аптада әр ата-анаға жеке график жолданады», деп жазды орталық.