Инфляция • Бүгін, 11:37

Үкімет инфляцияны тежеуге бағытталған шараларды күшейтеді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасын таныстырған Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет инфляцияны тежеуге бағытталған шараларды күшейтеді

Фото: Ашық дереккөз

«Инфляцияны тежеу үшін Үкімет тарапынан мынадай негізгі бағыттар бойынша шаралар күшейтілетін болады: нарықты өніммен молықтыру; сақтау және тұтынушыға дейін жеткізу инфрақұрылымын дамыту; баға белгілеуді реттеу және монополияға қарсы реттеу», деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар «Инвестицияларға тапсырыс» бағдарламасы өндірістерді дамытуға, әсіресе «қарапайым заттар экономикасы» тауарларын ілгерілетуде қолданылады. Сондай-ақ, жобаларды жүзеге асыру кейбір негізгі азық-түлік тауарлары бойынша өзін-өзі толық қамтамасыз ету мен экспортқа шығуды қамтамасыз етеді.

Серік Жұманғарин маркетплейстерде бағаның ашықтығын арттыру жөнінде шараларды атап өтті. Оған тауарлар құнына кіретін сыйақылар, комиссиялар және басқа төлемдер туралы ақпаратты толық көрсету кіреді.

«Сатушылар мен сатып алушылар үшін әділ жағдайлар қалыптастыру мақсатында сауда алаңдары мен делдалдар комиссияларының деңгейін оңтайландыру тәсілдері әзірленеді. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында маркетплейстерде бөліп төлеген және бөліп төлемеген кезде қосарланған бағалар практикасы енгізіледі», деді ол.