Фото: olegda88.gmail.com/depositphotos.com; instagram.com/karimbenzema
Әйгілі футболшының осы мәлімдемесі туралы инсайдер Фабрицио Романо жазған екен.
«Егер Флорентино Перес әлі де сонда болса, бұл жүзеге асуы мүмкін. Мен оған ешқашан «жоқ» деп айтпас едім. Мен – мадридтікпін. Өзімді әлі де солай сезінемін. Мадрид – менің қалам болып қала береді. Болашақта не болатынын көре жатармыз», деп мәлімдеді К.Бензема.
Кәрім Бензема кім?
Кәсіби футболдағы жолын 2004 жылы Францияның «Лион» клубында бастап, жастайынан-ақ талантты әрі әмбебап форвард ретінде көзге түскен ол қысқа уақытта негізгі ойыншы дәрежесіне көтеріліп, командамен бірге Франция чемпионаттарын жеңіп, Еуропаның топ клубтарының назарын өзіне аудартты. Карим Бензема – өз буынының ең жарқын шабуылшыларының бірі.
«Реалдағы» дәуір
2009 жылы К.Бензема мадридтік «Реалға» ауысып, бұл оның мансабындағы шешуші кезең болды. Уақыт өте келе ол клубтың ең нәтижелі әрі ең маңызды ойыншыларының біріне айналды.
Командалық ойынға икемділігі, бос аймақтарды шебер табуы, голдық жағдайлар жасау қабілеті және шабуылды тиімді аяқтауы оны «Реалдың» шабуылдағы ажырамас бөлігіне айналдырды.
Жылдар өте келе Кәрім Бензема команда көшбасшыларының біріне, әлемдегі үздік шабуылшылардың қатарына көтерілді. Ол Чемпиондар лигасын, Испания чемпионатын, Клубтық әлем чемпионаттарын, УЕФА Суперкубоктарын сан мәрте жеңіп алды.
2022 жылы оның ұзақ жылғы еңбегі «Алтын доппен» (Ballon d'Or) бағаланып, мансабының ең биік шыңдарының біріне айналды.
Сауд Арабиясындағы кезең
«Реалдан» кейін ол мансабын Сауд Арабиясында жалғастырып, жаңа клубында да негізгі ойыншыға айналды.
Кәрім Бензема – тұрақтылықтың, шеберліктің және футболдық эволюцияның символы. Ол перспективалы жас таланттан футбол аңызына айналған спортшы.