Спорт • Кеше

Еуро-2027 іріктеу турнирі: 90-минутта соғылған гол Қазақстанды жеңістен айырды

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан жастар құрамасы (U21) Молдоваға қарсы Еуро-2027 іріктеу ойынында тең түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еуро-2027 іріктеу турнирі: 90-минутта соғылған гол Қазақстанды жеңістен айырды

Vesti.kz жазғандай, D тобының кездесуі елордадағы «Астана Арена» стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Қазақстан құрамасы алғашқы сәтте-ақ гол соғып, есеп ашты: ойынның 6-минутында «Қайрат» шабуылшысы Рамазан Бағдат көзге түсті.

Жерлестеріміз матчтың басым бөлігінде алда келе жатқанымен, ойын соңында капитан Сұлтан Асқаров жасаған ереже бұзушылықтан кейін қақпаға пенальти белгіленді.

90-минутта Молдова ойыншысы Николае Ротару пенальтиді дәл орындап, есепті теңестірді.

Осының нәтижесінде Қазақстан құрамасының қоржынында іріктеу турниріндегі жалғыз жеңіс бұрынғысынша тек Андорраға (1:0) қарсы матчта қалды. Бұған дейін Андрей Ферапонтов шәкірттері Англиядан (0:2), Андоррадан сырт алаңда (0:1) және Словакиядан (1:2) жеңілген еді.

Қазақстан келесі ойынын 2026 жылдың наурызында өз алаңында топтың көшбасшысы - Словакияға қарсы өткізеді.

D тобының турнирлік кестесі:

Словакия — 13 ұпай (5 матч)

Англия — 12 (4)

Ирландия — 7 (4)

Молдова — 4 (6)

Қазақстан — 4 (5)

Андорра — 3 (6)

Соңғы жаңалықтар