Фото: Ашық дереккөз
Айыпталушылар Ризуан Қайыржанов пен Алтынбек Катимов Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 7 және 8-тармақтарына сәйкес аса ауыр қылмыс жасады деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Жаза мерзімі айыпталушылардың ұсталған күні 2024 жылдың 22 қазанынан бастап есептеледі.
«ҚР ҚК-нің 62-бабы 3-бөлігінің 1-тармағына сәйкес, Қайыржанов пен Катимовтың үкім заңды күшіне енгенге дейін қамауда болған уақыты жазаның бір күніне бір күн есебімен толықтай қосылады», деді сот.
Сот отырысында қаралған азаматтық талап бойынша марқұмның анасы Галина Легкодимованың шағымы ішінара қанағаттандырылған. Айыпталушылардан 1 955 070 теңге көлемінде материалдық шығын өндірілетін болды.
Бұдан бөлек, Қайыржанов пен Катимов жәбірленушінің пайдасына моральдық өтемақы ретінде әрқайсысы 15 миллион теңгеден төлеуге міндеттелді. Сонымен қатар мемлекет кірісіне 21 517 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріледі.
Айыпталушыларға сот үкімінің талаптарын орындау үшін екі ай мерзім берілген.