Жұмыс • Бүгін, 13:10

Апатты жағдайды реттейтін бригадалардың жұмысы жаңа стандартпен реттелмек

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде апаттық-диспетчерлік қызмет мамандары қалай дайындалуы керек және олардың нақты міндеттері қандай болатыны енді бірыңғай талаппен реттелмек. Министрлік осы бағыттағы жаңа кәсіби стандарт жобасын көпшілік талқысына ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Апатты жағдайды реттейтін бригадалардың жұмысы жаңа стандартпен реттелмек

Фото ЖИ көмегімен жасалды

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі «Ашық НҚА» порталында «Апаттық-диспетчерлік қызмет» кәсіби стандартының жобасын жариялады. Жоба апат кезінде әрекет ететін бригадалардың жұмысын, олардың біліктілік деңгейін және қандай міндет атқаратынын нақтылайтын ортақ талаптарды белгілеуді көздейді.

Ұсынылған жаңа стандарт бірнеше мамандық бойынша кәсіби деңгейлерді реттейді. Атап айтқанда:
– коммуналдық қызмет диспетчері (5-деңгей);
– апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары (3-деңгей);
– апаттық-қалпына келтіру пунктінің мастері (5-деңгей);
– слесарьдың 2-деңгейдегі біліктілігі;
– жалпы профильдегі диспетчер (4-деңгей).

Министрліктің айтуынша, бұл стандарт оқу орындары мен кәсіпорындар үшін бірыңғай талап орнатып, апаттық бригадаларда жұмыс істейтін мамандарды дұрыс даярлауға мүмкіндік береді. Яғни апатты жағдай туындағанда инженерлік жүйелердің қауіпсіз әрі тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз етуге қажетті кадр дайын болады.

Жоба қабылданса, әлеуметтік немесе экономикалық жағынан қосымша салмақ түсірмейді деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар