Медицина • Бүгін, 11:48

Емханаларда қанша жедел жәрдем кабинеттері ашылған?

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Емханалардағы жедел жәрдем кабинеттері маңызды рөл атқарады: олар жедел жәрдем келгенге дейін өмірге қауіп төнбеген кезде жедел жағдайларда науқастарды алғашқы зерттеп-қарауды және емдеуді қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Емханаларда қанша жедел жәрдем кабинеттері ашылған?

Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Бүгінде емханаларда 660 жедел жәрдем бөлімшесі ашылған, олар 73,2% дәрігерлермен, 100% мейіргерлермен және фельдшерлермен қамтылған, тиісінше емделушілерге қажетті көмек көрсетуге дайын.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биылдан бастап шұғыл медициналық көмек көрсету міндеті (сағат 8:00-20:00 аралығы) халық тіркелген емханадағы Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарына жүктелді. Аталған қызметті толық қамту үшін 995 мобильді бригада жұмыс істеп жатыр. Бұл – жедел жәрдем қызметтерін едәуір жеңілдетеді және үйдегі қоңырауларға қызмет көрсетуді тездетеді.

Жиынтықта барлық өзгерістер МСАК дәрігерлерінің қолжетімділігін арттыруға және қабылдауды күту мерзімін 2-3 күнге дейін қысқартуға бағытталған.

Сала министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмектің жаңартылған стандартын бекітті. Негізгі өзгеріс –жалпы практика дәрігерінің (ЖПД) жұмыс күнінің жаңа ережесі. ЖПД-нің жұмыс күні қазір 8 сағатты құрайды: 6 сағат – емделушілерді қабылдау, 2 сағат – құжаттаманы рәсімдеу және жоспарлы сапарлар.

Бұл режим қабылдау сапасын арттыруға және дәрігерлерге жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. 2027 жылға қарай барлық МСАК ұйымдары жалпы практика қағидаттарына көшеді. Терапевттер мен педиатрлар мобильді және мультидисциплиналық топтардың құрамына кіретін бейінді мамандар ретінде жұмыс істейтін болады.

Соңғы жаңалықтар