Аймақтар • Бүгін, 10:18

Маңғыстауда биыл 70 тонна балық өсіріліп жатыр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстауда биыл 70 тонна балық өсіріліп жатыр. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте өңірлік балық шаруашылығы басқармасының басшысы Арман Молдашев айтты,  деп хабарлайды Egemen.kz .

Маңғыстауда биыл 70 тонна балық өсіріліп жатыр

Спикердің айтуынша, 2025 жылы басқармамен табиғат пайдаланушылардың өтінімі негізінде 6 500 тоннаға жуық балық аулауға 590 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Ал, кәсіпшілік балық аулау бойынша 2025 жылдың І жарты жылдығында 4 150 тонна балық ауланған.

- Өңірде балық өсірумен үш мекеме айналасады. Атап айтқанда «Kazakh Оsseter» ғылыми өндірістік кәсіпорны» мен «Caspian Riviera» ЖШС бекіре тұқымдас балық түрлерін ал, «Nataly Company» мекемесі жайын балығын өсіреді. Бұл кәсіпорындар балықтарын суды қайта падалану арқылы, яғни тұйық су айналымы жүйесінде өсіріп келеді, - деді Арман Молдашев.

Сондай-ақ, брифинг барысында спикер теңіз жағалауы бойынша 6 балық шаруашылық ауданы 33 учаскеге бөлінгендігін айтты.

- Жыл басынан бері 21 кәсіпшілік балық аулау учаскесі 13 табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Оның Түпқараған ауданы бойынша 13 балық шаруашылығы учаскесі сегіз табиғат пайдаланушыға, Қарақия ауданы бойынша 8 балық шаруашылығы учаскесі алты табиғат пайдаланушыға бекітілген. Қалған 12 учаске резервте, - деді Арман Молдашев.

Маңғыстау облысы