Президент • Кеше

Қасым-Жомарт Тоқаев «Келешек мұрасы» халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің және Әзербайжан президенттерімен бірге «Келешек мұрасы» халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің айтуынша, бұл сыйлық дәстүрді жаңғыртуға, өнерді дамытуға, сондай-ақ ұлттық рухани

мұраны насихаттауға елеулі үлес қосқан мәдениет қайраткерлеріне беріледідеп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Келешек мұрасы» халықаралық сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысты

Халықаралық сыйлығына ие болғандар қатарында Қазақстаннан актер Еркебұлан Дайыров бар. Ол «Театр және кино» аталымы бойынша «Келешек мұрасы» сыйлығының лауреаты атанды. М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының әртісі Е. Дайыров дүниетанымы терең және кең ауқымды рухани-кәсіби ізденістері бар әртіс ретінде көпшілікке танымал. Ол ұлттық классикалық шығармаларда, заманауи драматургияда көркем сахналық бейнелерді асқан шеберлікпен сомдай білді. Талантты актер көптеген ұлттық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы. Айталық, бұған дейін Еркебұлан Дайыров World Film Festival халықаралық кинофестивалінің «Азияның үздік актері» номинациясы бойынша лауреаты атанды.

ТАШКЕНТ

Соңғы жаңалықтар

СҚО-да қазақ тілді балабақша тапшы

Аймақтар • 14 Қараша, 2025

Астанада ет жәрмеңесі өтеді

Елорда • 14 Қараша, 2025