Аймақтар • Бүгін, 08:35

Жаңашылдық қарқын алып келеді

10 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Алматы об­лы­сының әкімі Марат Сұлтанғазиев Цифр­лан­дыру және ақпа­рат­тық технологиялар қызметкерлері күніне ар­налған салтанат­ты жиында айтты. Іс-шара барысында сала үздік­тері мен байланыс опе­ра­торларының озық мамандары марапатталды.

Жаңашылдық қарқын алып келеді

Облыс басшысы өз сө­зінде Мемлекет бас­шысының «Қазақстан алдағы үш жылда толыққанды цифрлық мемлекет болуға тиіс» деген тапсырмасына тоқталып, осы бағыттағы өңір жетістіктерін атап өтті.

«Цифрлық трансформация – бүгінгі күннің басты талабы. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар өңірдің даму деңгейін айқындайды. Сондықтан сапа мен тұрақты өсім – басты назарда», деді өңір басшысы.

Әкімнің айтуынша, биылғы то­ғыз айдың қорытындысы бо­йын­ша ақпарат және байланыс сек­торы 12 пайызға өсіп, өндіріс кө­лемі 13,7 млрд теңге­ге жетті. Smart City индексі 70 бал­ды құрап, өт­кен жылмен са­лыстырғанда екі есе­ге артқан. Қазір облыстағы 368 елді ме­кеннің 349-ы кең жолақты ин­­тер­нетпен қамтамасыз етілген.
261 ауылға талшықты-оптика­лық бай­ланыс желісі тартылып, 311 елді мекенде 4G желісі тұрақты жұ­мыс істеп тұр. Алатау қала­сы­ның Жетіген шағын ауданында 5G форматындағы байланыс іске қосылды.

«Бүгінгі күні еңбегіміздің еленгеніне қуаныштымыз. Бұл марапат бізге салада жаңа жобаларды жүзеге асыруға серпін береді», деді Алатау қаласы әкім­дігінің аппарат басшысы Жәнібек Қаратаев.

Сонымен қатар «Алматы облысының цифрлық көшір­месі» жобасы аясында 33 елді мекеннің цифрлық картасы жасалып, 2 000 шақырымнан астам инженерлік желі тар­тылған. Өңір аумағында 9 мыңнан астам интеллектуалды бейнебақылау жүйесі орнатылды. Ал облыс орталығы Қонаев қаласында жасанды интеллект технологиясына негіз­делген алғашқы Qonaev AI жүйесі іске қосылды.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар