Фото: Ашық дереккөз
«Материалдарды сотта қарау қорытындысы бойынша 12 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, тағы 6 қатысушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.», делінген облыстық полиция хабарламасында.
Ресми ақпаратқа сәйкес, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция мемлекеттік рәміздерге қол сұғу, сондай-ақ араздық тудырып, қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған кез келген әрекет — заңның өрескел бұзылуы екенін және мұндай фактілер қатаң заң тәртібімен тоқтатылатынын қатаң түрде ескертеді.