Өндіріс • Бүгін, 08:48

Сенімнен қымбат құндылық жоқ

20 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Кронен-тығын – шыны бөтелкені жабатын металл қақпақ. Ол газды сусындардың сапасын сақтауға көмектеседі. Бұрын бұл қақпақтар елімізге шетелден әкелінетін еді. Қазір ол өзімізде шығады. 2016 жылы «Ala Sintez» ЖШС кронен-тығын өндірісін іске қосты. Қысқа мерзім ішінде бұл салада Орталық Азиядағы өндірушілер арасында көшбасшы орынға ие болды.

Сенімнен қымбат құндылық жоқ

Сурет: damu.kz

«Ala Sintez» бас директоры  Юрий Дюпиннің айтуын­ша, өнімнің мұндай түрін қолданбайтын кәсіпорын кемде-кем. Олар бірінші кезекте бизнес тарихына басымдық береді.

– Бұл ретте, біздің ішкі нарықтан да, сыртқы нарықтан да жасырып қалатын құпиямыз жоқ. Қаржы айналымы түгел ашық, жария түрде жүреді. Біз серіктестермен байланысқа шыққанға дейін бизнес-тре­нингтеріне қатыстық, жұмыс­шыларымызды тәжірибе алма­суға жібердік. Қысқасы, өзімізді барлық жағынан бизнес-серіктес бола алатынымызды дәлелдедік. Әріптестіктің мұндай түрі бізді бизнес дипломаты ретінде қалыптастырды. Қазір әлемнің кез келген компаниясымен әріптестік байланыс орнатуға дайынбыз, дейді ол.  

Кронен-тығынды дайындау мен төсемдерді қалыптасты­ру соңғы үлгідегі италиялық жабдықтарда жасалады. Сапа мен технологияның сақталуын бақылауды өз зертханасы жүзеге асырады. Зертхана шикізатты кіріс бақылауынан бастап дайын өнімге дейін өндірістің барлық кезеңдерінде толассыз бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін жабдықтармен қамтылған. Қаңылтырды лактау және литографиялау (кронен-тығын жасалатын негізгі шикізат) осы салада 50 жылдан астам тәжірибесі бар, өз жабдықтарын шығару кезінде заманауи және инновациялық шешімдерді қолданатын Crabtree of Gateshead Ltd ағылшын компаниясының қазіргі заманғы жабдықтарында жүзеге асырылады.

Компания басшысының айтуынша, әлемдік деңгейдегі компаниялармен келісімшарт халықаралық платформалар арқылы жасалады. Қазіргідей интеграцияның өзі цифрланып кеткен заманда мұның түк те қиындығы жоқ.   Тек қана бизнес-репутацияң мінсіз болса болғаны. Дамыған елдерде бизнес бәсекелестік жағдайында ғана дамиды. «Ala Sintez» бизнес айдынына желкенін желбіреткен кезде ішкі нарықта бәсеке аз болды. Қалталылар «қақпақтан не пайда» деген ұстанымда болса, қалтасы көтергендер алып-сатуға ден қойды. Әу баста плас­­тик қақпақтарға басымдық бе­рілсе, кейін темір қақпақтың өзін алтын тәжге ұқсатып шыға­руды ұйғарған. Сынақ үшін алғаш­қы партиясы Ирландияға жөнел­тілген. Олар қазақ даласынан жеткен қақпақтың сусындағы газды қанша уақытқа дейін сақтай алатынын 1 жыл бойы зерттеп барып, келісімге келді. Содан кейін басқа компаниялардан да сұраныс түсе бастаған. 

Өндірісті кеңейту үшін компанияға «Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша 893 млн теңге субсидия берілген, одан бөлек «Өңдеу және қызмет көрсету салаларында жұмыс істей­­тін шағын және орта биз­несті қолдау» бағдарламасы аясын­да 349 миллион теңге жеңіл несие алды. Ал «Өрлеу» бағдар­ламасымен берілген жеңіл несиенің  жалпы сомасы – 130 млн теңге.

«2019 жылы біз алғаш рет «Даму өндіріс» бағдарламасы бойынша мемлекеттің қолдауын пайдаландық. «Halyk Bank»-тен 6%-бен 349 млн теңге несие алдық, қаражат шикізат пен жабдық сатып алуға бағыт­талды. Сондай-ақ «Даму өн­діріс»  бағдарламасы бойынша жыл­­дық мөлшерлемесі 6%-бен қарыз алдық, ал жетіспейтін кепіл сомасына «Даму» қоры тарапы­нан кепілдік түрінде 169,6 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілді», дейді Ю.Дюпин.

Саудаға салған капиталдың қайтарымы көп күттірмейді. Ал бизнеске жанкештілік пен төзім керек. Кейіпкеріміздің айтуынша, өндірісте жүрген кәсіпкерлердің баршасы өз елінің нағыз патриоты.

«Кейінгі жылдары ШОБ-тің ІЖӨ-дегі үлесінде өсім бар. Бұған мемлекеттік қолдау­дың нәтижесінде қол жетті. Аталған фактор біздің шетел­дегі серіктестеріміз үшін де  маңызды. Олар бірінші кезекте бизнес пен билік арасындағы әріптестіктің нәтижесіне назар аударады. Бұл ретте бізге ешкім сын айта алмайды. Өндірісті алға жылжыту үшін бізге қолдау қажет. Әзірге тек 21 пайыздық несие ғана мүмкін болып тұр. Бұл тауар өндірушілер үшін тиімсіз пайыз», дейді Ю.Дюпин.       

 

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Ғаламшарлықтар орнатқан имплант

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Арал теңізіндегі құпия

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:28

Ғарыштағы қаралы күн

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:25

Торғайдың таңдаулы сәукелесі

Жәдігер • Бүгін, 09:22