АСТАНА. 21 наурыз. Футболдан Еуропа лигасының ширек финалында ойнайтын жұптар белгілі болды. Швейцарияның Ньон қаласында өткен жеребе тарту рәсімінде жарыстың қазіргі жеңімпазы «Севильяға» Ресейдің «Зениті» қарсылас атанды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Еуропа лигасының ширек финалында мына командалардың ойындарын көре аламыз:
«Севилья» (Испания) – «Зенит» (Ресей)
Бұл екеуі де УЕФА кубогын (Еуропа лигасының бұрынғы атауы) иемденген команда. 2005-2006 жылғы УЕФА кубогының ширек финалында қос команда қарсылас атанып, екі ойынның қорытындысы бойынша испандар 5:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Сол маусымда «Севилья» алғаш рет УЕФА кубогын иемденді. Сондай-ақ, келесі 2006-2007 жылғы маусымда да испандар жарыс жеңімпазы атанды. Бұл жарыста соңғы рет өткен маусымда топ жарды. Ал «Зенит» 2008 жылы аталған турнирде жеңіске жеткен болатын.
«Брюгге» (Бельгия) – «Днепр» (Украина)
«Брюгге» Еуропа лигасының биылғы маусымында жеңілмей келе жатқан жалғыз команда. Әйтсе де, бұрын «Днеперден» осы турнир аясында жеңіліп көрді. Яғни 2004 жылы УЕФА кубогының топтық кезеңінде қарсыластарына 2:3 есебімен есе жіберді.
«Динамо» Киев (Украина) – «Фиорентина» (Италия)
«Динамо» мен «Фиорентинаның» бүгінге дейін төрт рет жолы түйіскен. Соның бірде бірінде украиндер жеңіске жетіп көрмеген.
«Вольфсбург» (Германия) – «Наполи» (Италия)
1/8 финалда Миланның «Интерінен» айласын асырған немістер ширек финалда тағы бір Италияның командасымен күш сынасады. «Наполи» 1989 жылы УЕФА кубогын иемденгенін айта кетейік.
Ширек финалдың алғашқы ойындары 16 сәуірде өтеді. Қарымта кездесулер 23 сәуірге жоспарланған. Ал Еуропа лигасының биылғы финалы 27 мамырда Варшавадағы «Narodowy» стадионында өтеді деп күтілуде.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: uefa.com.

Телефонға телмірген жалғыздық пен жоғалған құндылық: Астанада ерекше көрме ашылды
Мәдениет • Бүгін, 18:05
Енді статистикалық деректерді «AI Stat» сервисі арқылы алуға болады
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:53
Елордадағы жантүршігерлік жағдай: Эвакуатор жүргізушісі аялдамаға соғылды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Президентке көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді
Президент • Бүгін, 17:10
Жаңа Конституция: Елдің саяси жүйесі қалай өзгереді?
Ата заң • Бүгін, 17:02
Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды
Президент • Бүгін, 16:57
Астанада шамамен 40 адам жасөспірімді аяусыз соққыға жыққан
Оқиға • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады
Президент • Бүгін, 16:40
Астанада 2 жасар баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 16:38
Мемлекет басшысына Defense Tech жобасы таныстырылды
Президент • Бүгін, 16:33
Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
Қазақстан • Бүгін, 16:30
Астанадағы мешіттердің бірінде миллион теңгенің күртешесі қолды болды
Оқиға • Бүгін, 16:19
Жасанды интеллектке «Оскар» берілмейді: Сценарийді адам жазуы шарт
Жасанды интеллект • Бүгін, 16:10
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 15:53
Мереке қарсаңында пойыздарға қосымша вагондар тіркеледі
Мереке • Бүгін, 15:43