«Қазіргі геомагниттік жағдай болжаммен салыстырғанда түсініксіз түрде өзгеше болып тұр. Түнде планетаға тек күтіліп отырған үш плазмалық шығарындының біріншісі (ең әлсізі) келіп, G1–G2 деңгейіндегі әлсіз дауылдар тудыруы тиіс еді. Негізгі әсердің шарықтау шегі тәуліктің ортасына қарай болады деп болжанған », делінген хабарламада.
Ғалымдардың айтуынша, мұның жалғыз түсіндірмесі – кеше болған биылғы ең қуатты X5.1 класты Күн жарқылының нәтижесінде пайда болған соңғы плазмалық бұлттың өте жоғары жылдамдықпен қозғалып, алдында таралып бара жатқан баяу плазмалық бұлттарды қуып жетіп, оларды қысып, температураны, тығыздықты және магниттік сипаттамаларды күрт арттыруында.
Қазіргі уақытта тәуліктік нақты болжам жоқ. Себебі қазіргі модельдер мұндай шектен тыс экстремалды оқиғаларды дәл есептей алмайды.