Фото: Видеокадр
Нақты атағанда, паркте тұрақты жүргізіліп келе жатқан мониторинг жұмыстары барысында орнатылған фототұзаққа сирек кездесетін Тянь-Шань қоңыр аюы (Ursus arctos isabellinus) түсіп қалған.
Айта кетелік, аталған түр Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және ерекше қорғауға алынған.
«Аталған бейнематериал парктің жоғары биіктіктегі аймақтарындағы экожүйенің жақсы сақталғанын көрсетеді. Мұндай деректер Алтын-Емел ұлттық паркінің биоалуантүрлілікті сақтау және зерттеу бағытындағы жүйелі жұмыстарының нәтижесін айқындайды», делінген хабарламада.