Сонымен қатар халық тарапынан келіп түсетін арыз-шағымдарға жедел жауап беру қажет екенін атап өтті.
Денсаулық сақтау министрлігіне Мәдениет және ақпарат министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп, дәрілік заттармен қамтамасыз ету туралы халықпен тұрақты негізде кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарын, цифрлық платформалар мен әлеуметтік желілерді және өңірлік іс-шараларды барынша пайдалану керек.
«Біздің міндетіміз – денсаулық сақтау саласын барынша ашық, әділетті және ең бастысы, әрбір азамат үшін қолжетімді ету», деп қорытындылады сөзін Премьер-министр Олжас Бектенов.Үйлестіру мен бақылау Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевқа жүктелді.