фото: ҚТФ баспасөз қызметі
Елена Рыбакина бес матчтың бәрінде жеңіске жетіп, әйелдер теннисі тарихындағы ең ірі жүлде қорының иегері болды. Жүлденің жалпы сомасы 5 миллион 235 мың АҚШ доллары, бұл шамамен 3 миллиард теңгеге тең.
«Иә, бұл шынында да өте үлкен сома. Шынымды айтсам, әзірге бұл туралы көп ойланғаным жоқ. Әрине, бұл қуанышты сәт. Команда және отбасыммен бірге бұл жеңісті жақсы атап өтеміз деп ойлаймын», деді Рыбакина жеңістен кейінгі баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, финалда қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь елінің өкілі Арина Соболенконы тізе бүктірді.
Бұл жеңіс Елена Рыбакина үшін карьерасындағы ең ірі екінші атақ болды. Ол бұған дейін 2022 жылы Уимблдон турнирінде топ жарған еді.
Сонымен қатар Рыбакина Азия елдерінің ішінен WTA қорытынды турнирін жеңген тұңғыш теннисші атанды. Оның тарихи жетістігі үшін Қазақстан Президенті спортшыны құттықтап, «Барыс» орденінің III дәрежесімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.