АСТАНА. 24 маусым. Астанада футболдан Қазақстан Президентінің Кубогы үшін өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы турнирде Қазақстан құрамасы Испаниядан 0:5 есебімен ойсырай жеңілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ойын барысында испандардың басымдығы анық байқалды. Матчтың 20-минутында Эмбола біздің қақпадан саңылау тауып, есеп ашты. Арада 13 минут уақыт өткенде ол екінші мәрте мергендігімен көзге түсті. Үзіліске дейін таблодағы нәтиже өзгерген жоқ.
Екінші таймда қонақтар тағы да жауапсыз үш гол соқты. Кездесудің 57-минутында Мартин есепті еселеді. Сондай-ақ, Бускетс (68) пен Агиэро (78) да еншілеріне бір доптан жазды.
Ал Қазақстан құрамасынан Мәди Жақыпбаев пен Батыр Құдайбердіновтің гол соғатын мүмкіндіктері болған еді. Алайда, оларға сәттілік жетіспеді.
Жастарымыз үшінші ойындарын ертең Тәжікстанға қарсы өткізеді. Әзірге біздің құрама 3 ұпаймен өз тобында екінші орында келеді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: presidentcup.kz.

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше