Биыл сыйлыққа 300-ден астам үміткер ұсынылып, олардың 294-і комиссияда қаралған.
Аталмыш байқау жеңімпаздары «Ғылым» номинациясы бойынша - 64, «Дизайн және бейнелеу өнері» – 19, «Спорт» – 27, «Театр және кино» – 41, «Эстрада» – 13, «Журналистика» – 16, «Халық шығармашылығы» – 41, «Қоғамдық қызмет» – 31, «Әдебиет» – 15, «Классикалық музыка» – 27 үміткердің арасынан таңдалды.
Комиссияның құрамында 37 мүше болды. Олардың қатарына депутаттар, саясаткерлер, қоғам белсенділері, мәдениет, өнер, медиа және спорт қайраткерлері енді.
Аида Балаева комиссия мүшелеріне атқарған қызметі үшін алғыс айтып, олардың әділ және оң шешім қабылдағанына сенім білдірді.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 25 қараша күні өтеді. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарына диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы табысталады.
«Дарын» сыйлығы 1992 жылы талантты жастарды ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі мен спорттағы жетістіктері үшін мемлекеттік қолдау мақсатында құрылған.
Төменде сыйлық иегерлерінің аты-жөндерін жариялап отырмыз:
«Ғылым» номинациясы бойынша
«Физика-техникалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғылыми қызметкері Байменов Альжан Жолдасұлы, «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қауымдастырылған профессоры, ғылыми қызметкері Шаленов Ерік Оңғарұлы.
Эстрада» номинациясы бойынша
Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы әуендері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің солист-вокалисті Жұбан Ерназар Мэлсұлы, эстрада әншісі Құрарбек Еңлік Еркінқызы.
«Классикалық музыка» номинациясы бойынша
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының опера солисті Сағынтай Назым Жалғасбайқызы, «CLVDEEX» ЖК-ның директоры Есіркеп Бағжан Октябрұлы.
«Халық шығармашылығы» номинациясы бойынша
«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының әртісі Шнаров Азамат Асылбекұлы, «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Гүлдер» ансамблінің әртісі Айдарханқызы Іңкәр.
«Дизайн және бейнелеу өнері» номинациясы бойынша
«Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының студенті Калиева Томирис Қанағатқызы, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Өнер» факультетінің деканы Байгутов Карим Алимханұлы.
«Журналистика» номинациясы бойынша
«Pavlodarnews. kz» АА бас редакторы Бугаева Ольга Валерьевна, «Хабар» агенттігі АҚ «Хабар» телеарнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметі жаңалықтар бөлімінің редакторы Сыздықбаева Мөлдір Жұмаханқызы.
«Қоғамдық қызмет» номинациясы бойынша
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Искандерова Ақерке Нұрғалиқызы, «Мархабат.KZ» Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Өтегенова Меруерт Еркінқызы.
«Спорт» номинациясы бойынша
Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының нұсқаушы-спортшысы Абикеева Аида Нұрланқызы, қазақстандық футболшы, «Қайрат» клубының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Сатпаев Дастан Талғатұлы.
«Әдебиет» номинациясы бойынша
Алматы қаласы Мәдениет басқармасының «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 4 кітапхана жетекшісі Іңкәрбек Әлия Ерболатқызы, «Орал өңірі» газетінің тілшісі Ғилымханов Мәрлен Мәлікұлы.
«Театр және кино» номинациясы бойынша
Астана қаласы әкімдігінің «Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас режиссері Бидахметов Әли Дәулетбекұлы, Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының актері Шайкенов Елдос Сабиялыұлы.