Ең қысқа әңгіме • Кеше

Оспан батыр, Дина Нұрпейісова, Шара Жиенқұлова: Тың деректер архив қорына енді

30 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астана қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық архив мекемесі «Архив – 2025: архивтегі аманат» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп, 2020-2025 жылдарға арналған «Архив-2025» жобасын қорытындылады, деп жазады Egemen.kz

Оспан батыр, Дина Нұрпейісова, Шара Жиенқұлова: Тың деректер архив қорына енді

Жиынға қатысушыларға маңызды бас қосудың мақсаты туралы таныстырған Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али ведомества басшысы Аида Балаеваның құттықтау хатын оқыды.

«Сіздер еліміздің тарихи-мәдени мұрасы мен баға жетпес жәдігерлерін сақтау, оларды ғылыми айналымға енгізу, келешек ұрпаққа жеткізу жолында қажырлы қызмет етіп келесіздер. Елдің зияткерлік меншігі мен мәдени игілігінің тұтастығын сақтап, архив ісін жетілдіріп, ауқымды жобаларды жүзеге асырғандарыңыз үшін алғысым шексіз», депті министр өз құттықтауында.

Іс-шара барысында қатысушыларға «Архив – 2025» бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер талқыланып, бейнероликтер мен көрме материалдары ұсынылды. Сонымен қатар архив мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңғырту, цифрлық жүйеге енгізу бағытында атқарылған жұмыстар таныстырылды.

Атап айтар болсақ, бес жылға жоспарланған  бағдарлама аясында Германия, Польша, Чехия, Түркия, Франция, Венгрия, Үндістан, Иран, Египет, Қырғызстан, Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Катар республикаларына ғылыми-экспедициялар жіберіліп, нәтижесінде 913-1990 жылдар аралығына тән, Қазақстан тарихына қатысты 7 000-нан аса құнды құжаттар жинақталып, ғылыми айналымға енгізілді.

Бұлардың ішінде: 918 жылы Темір ханның Сайбек ханға елші жіберіп Бұрындықпен мәмілеге келуі туралы деректер және Шығыс Түркістан халқының тәуелсіздігімен бостандығы үшін күрескен Оспан батыр туралы Нұрғожай батырдың естеліктері қатарлы маңызды құжаттар болса, келесі кезекте ресейлік архив қорларынан алынған қазақтың күйші қызы Дина Нұрпейісова мен биші Шара Жиенқұлова қатысқан қысқа бейнесюжеттік мұралар архив қорына енді.

п

Орта Азия және Тұран картасы. 1832 жыл. Чехия ұлттық кітапхана қорынан алынды.

е

Алтын Орда билеушісі Әз Жәнібек ханға арналған қолжазба. 1350-1351 жж. Тұхбет әл-Хақан