Оқиға • 06 Қараша, 2025

Астанада базар өртке оранды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астананың Сарыарқа ауданындағы көтерме-бөлшек сауда базарынан өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Астанада базар өртке оранды

фото: digitalbusiness.kz

Өрт Ы.Дүкенұлы көшесіндегі бір қабатты ғимаратты шарпыған. Оқиға орнында құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, жедел штаб құрылды.

«Өрт сөндірушілер келген кезде от толық лаулап тұрды, сондай-ақ ғимарат құрылысының ерекшеліктеріне, жоғары өрт жүктемесіне және қатты түтінге байланысты күрделенді», деді ТЖМ өкілдері.

Құтқарушылар ғимарат ішінде адамдардың бар-жоғын тексерді. Өрт кезінде тұтынушылар болмаған. Өрт сөндірушілер жалынның таралу қаупін жойды.

ТЖМ сағат 8:26-да өрттің оқшауланғанын хабарлады.

«Өрт сөндірушілер жасырын жану ошақтарын анықтау үшін бутиктердің артындағы үй-жайларды тексеріп жатыр», делінген хабарламада.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 95 адам және 25 бірлік техника жұмылдырылды.

Жаңартылған деректерге сәйкес, өрт толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі әзірге анықталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30