Аймақтар • Бүгін, 20:17

Құлсары қаласында жанармай таситын көліктің дөңгелектері өртенді

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Атырау облысында жанармай таистын көліктің артқы дөңгелектері өртеніп кетті, деп жазады Egemen.kz.

Құлсары қаласында жанармай таситын көліктің дөңгелектері өртенді

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобының ақпаратына қарағанда, оқиға Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласындағы айналма жолдың жанында орналасқан жанар-жағар май құю стансасының аумағында болған. Дөңгелектері өртенген көлік жанармай алып келген. 

«Өрт жанармай таситын көліктері дөңгелектеріне тез таралып, цистернаның жарылыс қаупін тудырды. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Құтқарушылар цистернаны суыту үшін көбікті қолданып, дереу сөндіруге кірісті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі батыл қимылдады. Соның нәтижесінде өрт санаулы уақытта толығымен сөндірілді», деп хабарлады департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан.