Пьесаның авторы тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ерлан Сыдықов. Сахналаған – Қырғызстанның кинорежиссері Шәміл Жаппаров. Спектакльде Шоқан Уәлихановтың өмірінің соңғы кезеңдері бейнеленген. Көрермендерін бірден ерекше баурап, терең ойға жетелейді. Сахна ортасында өмір талқысынан күйреген ескі дөңгелек тұр. Осы дөңгелекті бірге айналдырамыз деп Шоқанға достары Григорий Потанин, Федор Достоевский және тағы басқалары келеді. Әкесі Шыңғыс келіп, баласын бауырына басады. Шоқан сахнада тұрып, көрермендерге ой түкпіріндегі армандарын ақтарып, қайдан келдім, қайда бара жатырмын деген сұрақтарға жауап іздейді.
– Қырғызстандық кинорежиссер Шәміл Жаппаров тамаша туындыларымен әлемге танымал, – деді Федор Достоевский атындағы театрдың директоры Яков Горельников. – Біздің шақыртуымызды қабыл алып, тарихшы-ғалым Ерлан Сыдықовтың пьесасын сахналап отырғанына ризамыз. Ерлан Бәтташұлы жаңа қырынан танылды. Пьеса көрермендердің көңілінен шықты. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, осыған орай түрлі ұлт өкілдері бірігіп, осындай жүрекке жылы, көңілге қонымды рухани дүниені жұрт назарына ұсынып отыр.
Шоқанның арғы атасы – қазақтың ұлы ханы – Абылай, Шоқан оның шөбересі. Өз атасы Уәли де хан болған. Ал әкесі Шыңғыс Қазақстанда хандық жүйе жойылып, аға сұлтандықтың енгізілуіне байланысты аға сұлтан лауазымын иеленген. Ауыл мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан араб, шағатай тілдерін меңгереді. Бұдан кейін оны әкесі сол кезде Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны деп есептелінетін Омбы кадет корпусына береді. Зерек те зерделі Шоқан мұнда «екі-үш жылдан кейін-ақ өз сыныптастарынан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің сыныбындағыларды да басып озып шықты», деп жазады өз естелігінде Григорий Потанин. Шоқан рөлін ойнаған актер Сергей Елеусізов бұл қойылымға ерекше дайындалғандығын айтты.
Қойылым соңында спектакльді тамашалауға келген филология ғылымдарының докторы, профессор Арап Еспенбетов көрермендердің атынан жүрекжарды лебізін білдіріп, қос театр ұжымына, режиссерге шығармашылық табыстар мен жетістіктер тіледі.
Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.
СЕМЕЙ.

Астанада жазушы-этнограф Төрехан Майбастың кітабы таныстырылды
Оқиға • Бүгін, 20:45
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Бүгін, 20:40
Президент су саласына қатысты халықаралық конвенция қабылдауды ұсынды
Президент • Бүгін, 20:28
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Бүгін, 20:16
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Бүгін, 20:03
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Бүгін, 19:55
Қарағанды облысында қуаты 500 МВт болатын жел электр станциясы салынады
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Бүгін, 18:50
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Бүгін, 18:40
Astana AI Film Festival: халықаралық байқауға өтінім қабылдау басталады
Мәдениет • Бүгін, 18:29
Кәсіпкер Бақытбек Дүзелбаев «Ақтөбе» клубын сатып алды
Футбол • Бүгін, 18:01
Қандай жағдайда жол ережесін бұзу «ұсақ бұзақылық» деп танылады?
Қоғам • Бүгін, 17:48
Ақсу қаласында зауыт маңынан әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Ұландық үздік сарбаздар алғаш рет кіші сержант шенін алды
Әскер • Бүгін, 17:17
Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:59