Фото: ашық дереккөз
Ресми іс-шараға Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының вице-президенті Мақсат Раманқұлов, Қазақстан федерациясының президенті Әкім Тұрсұн, атқарушы директор Серік Ақтаев, сондай-ақ Қазақстанның Пәкістандағы төтенше және өкілетті елшісі Ержан Қыстафин қатысты.
Жиналыс барысында Пәкістан Тоғызқұмалақ федерациясының алғашқы президенті болып елдің Ішкі істер вице-министрі Давуд Бареаш сайланды.
Жаңа ұйымның құрылуына Қазақстан елшілігінің қолдауы айрықша ықпал етті. Елшілік бастамасымен Исламабадта салынып жатқан «Достық» спорт кешенінде қазақтың дәстүрлі спорт түрлері – қазақ күресі мен тоғызқұмалақ тұрақты түрде дамытылады. Алдағы уақытта Пәкістанның басқа да ірі қалаларында осындай спорт орталықтарын ашу жоспарланып отыр.